Виктория Графеева бокстан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды

Қазақстан әйелдер құрамасының өкілі Виктория Графеева Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатында қола медальға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақтың жартылай финалына дейін жетті.
Виктория бұл кезеңде бразилиялық Ребека Де Лима Сантоспен қолғап түйістірді.
Жекпе-жек қорытындысы бойынша бразилиялық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Виктория Графеева (60 келіге дейін) Қазақстан құрамасының қоржынына алғашқы медальді салды.