Назым Қызайбай бокстан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті (видео)

Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай Ливерпульде (Ұлыбритания) өтіп жатқан әлем чемпионатының жартылай финалына өтті, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұрымды бокшымыз 48 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде.
Ширек финалда отандасымыз украиналық Анна Охотамен қолғап түйістірді.
Назым Қызайбай алғашқы раундтан-ақ ауыр соққылармен қарсыласын есеңгіретіп жіберді. Нәтижесінже еш қиындықсыз 5:0 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Назым Қызайбай (48 келіге дейін) әлем чемпионатында кем дегенде қола медаль алады.