Алматыда жер сілкінісіне байланысты Eurasia Jastar Cup хоккей турнирі өтпейтін болды
Қазақстан хоккей федерациясы сейсмологиялық жағдайға байланысты Алматыда Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу жөнінде шешім шығарды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Сеймологиялық жағдайға, сондай-ақ, қатысушы-командалар мен көрермен қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстанның хоккей федерациясы басшылығы 1-4 ақпан аралығында Алматыда өтеді деп жоспарланған Eurasia Jastar Cup турнирін өткізбеу жөнінде шешім қабылдады» — делінеді Қазақстан хоккей федерациясы таратқан хабарламада.
Федерация сондай-ақ турнир ауысатын басқа мерзім жөнінде қосымша хабарланатынын және барлық жанкүйерге сатып алған билетінің құны қайтарылатынын хабарлады.