logo

Әлішер Ерғалидің жеке бапкері өз пікірін білдірді

Әлішер Ерғалидің жеке бапкері өз пікірін білдірді

Еркін күрестен Қазақстан командасының мүшесі Әлішер Ерғалидің жеке бапкері Пернебек Беласар Olympic.kz сайтына Париж Олимпиадасындағы ширек финалдық жекпе-жекті қорытындылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan 

"Өте өкінішті. Біз жақсы дайындықпен келген едік. Төрт ұпай бәрін шешіп кетті. 

Біздің мақсатымыз қарсыласты шаршату болған. Алайда, тағы да айтамын, сол төрт ұпай жоспарымызды бұзды. 

Тажудиновті бабында емес деп айтуға болмайды. Олимпиада болған соң, барлық балуан бабында келеді. 

Осы жеңіліс үшін халықтан кешірім сұраймыз. Енді Ахмед финалға шықса, әрі қарай жақсы күресеміз деп ойлаймын", - деді Әлішердің жеке бапкері Пернебек Беласар.