«Әли чемпион болуға дайын» — Эдуард Базров NAIZA 80 турнирі алдындағы дайындық жайлы
Dar Team командасының бапкері Эдуард Базров Sport+ арнасына берген сұхбатында Алматыда өтетін NAIZA 80 турнирінде лига белбеуі үшін жұдырықтасатын шәкірті Әли Бадрудиновтың дайындығы туралы айтып берді:
«Әли қазір өте жақсы формада. Қазақстанда оның салмағындағы лайықты спарринг-серіктестер жеткіліксіз болғандықтан, дайындықты Дағыстанда өткізуге шешім қабылдадық. Әли чемпион атануға нық сенімді, өте сапалы оқу-жаттығу жиынын өткізді және көрермендерге тартысты әрі әсерлі жекпе-жек көрсетуге дайын. Қарсыластың ауысуы? Біз бұған дайын болдық. Өзбекстандық файтер көп сөйледі, бірақ іс жүзінде аз нәрсе тындырды. Бұл, әрине, өкінішті. Кейбір жауынгерлер бар — сөз жүзінде бірдеңе айтады да, іс жүзінде жекпе-жектен екі рет бас тартады. Мүмкін, ол Әлидің деңгейіне төтеп бере алмайтынын сезген шығар. Жарақаты болуы да мүмкін, бірақ бірнеше рет жекпе-жектен шығып қалу — әрі ұйымдастырушыларды, әрі бізді тығырыққа тіреу. Менің ойымша, мұндай жолмен ол алысқа бара алмайды».
Әлидің жаңа қарсыласы — тәжірибелі Бауыржан Қуанышбаев (19–7).
Турнир 31 қаңтарда өтеді. Барлық ивентті тікелей эфирде Sport+ телеарнасы көрсетеді.