logo

Әлем чемпионатына қатысатын жасөспірімдер құрамасы белгілі болды

Әлем чемпионатына қатысатын жасөспірімдер құрамасы белгілі болды

20-26 қаңтар аралығында Ригада (Латвия) шайбалы хоккейден қыздар арасында әлем чемпионаты екінші дивизионының А тобында өтеді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.

Қазақстандық хоккейшілер Тайбэй, Ұлыбритания, Жаңа Зеландия, Нидерланд және Латвия құрамаларына қарсы матч өткізеді.

Бапкерлер штабы жарысқа баратын құрамды анықтады. Аталмыш жарысқа 20 спортшы қатысады. Оның ішінде 2 қақпашы және 18 алаңдағы ойыншы бар.

Қақпашылар: Вероника Агеева («Торпедо», Өскемен), Арина Павловская («Айсулу Тандаулы»).

Қорғаушылар: Зере Жұмаш, Амина Маратханқызы (екеуі де - «Жұлдыз», Алматы), Медина Кишекеева, Вероника Халикова (екеуі де - «Айсулу Тандаулы»), Ульяна Куклина, Нұрайым Серікқызы (екеуі де - «Торпедо», Өскемен), Калима Нығматулина («Юность-Грация», Қарағанды).

Шабуылшылар: Эвелина Емцева, Василиса Шуклина (екеуі де - «Айсулу Тандаулы»), Алина Жакулина, Анна Климова, Рената Лившиц, София Муравьева (бәрі - «Юность-Грация»), София Зубкова, Кира Крухольская, Ветта Пивень, Златоцвета Феоктистова (бәрі - «Торпедо», Өскемен), София Раковская («Айсулу», Алматы).



Күн шежіресі