logo

Александр Румынский рекорд жаңартып, жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

Александр Румынский рекорд жаңартып, жасөспірімдер Азиадасында алтын медаль жеңіп алды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық жүзгіш Александр Румынский алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ол 100 метрге арқамен жүзуде қарсылас шақ келтірмеді.

Румынский қашықтықты 56.44 уақытта жүзіп өтті. Осылайша жасөспірімдер арасында Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Күміс жүлдені Қытай спортшысы Цзы Шицы (56.56) жеңіп алса, қола медальді Тайбэй өкілі Кай Чан (56.78) иеленді.



Күн шежіресі