logo

Александр Бублик ATP рейтингінде 6 орынға төмендеді

Александр Бублик ATP рейтингінде 6 орынға төмендеді

Кәсіби теннисшілер ассоциациясы (ATP) спортшылардың жекелей және жұптық разрядтардағы рейтингінің жаңартылған нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Әлемнің бірінші ракеткасы мәртебесін неміс Янник Синнер сақтап қалды, екінші орынға серб Новак Джокович көтеріліп, испандық Карлос Алькарасты басып озды.

Қазақстандық Александр Бублик өзінің рекордтық 17-ші позициясынан бірден алты сатыға төмендеп, қазір 23-ші орында тұр. Александр Шевченко рейтингте 58-ші орнын сақтап қалды.

Қазақстандық ең үздік жұп ойыншысы Александр Недовесов рейтингте 47-ші орынға көтерілді.