logo

Алдияр Серік: Көк туымызды биікке көтергеніме қуаныштымын

Алдияр Серік: Көк туымызды биікке көтергеніме қуаныштымын

Джиу-джитсудан Қазақстан құрамасының өкілі Алдияр Серік Эр-Риядтағы (Сауд Арабиясы) Ислам ынтымақтастығы ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз жарыстан кейінгі сұқбатында финалдық кездесудің қиын болғанын айтты.

«Бүгін Сауд Арабиясында жеңіске жетіп, көк туымызды биікке көтергеніме қуаныштымын. 

Біріншіден өзімнің әкеме және бапкеріме алғыс айтамын. Сондай-ақ қолдау көрсеткен қауымдастық президентіне және командама көп рақмет. 

Әрине, финалдық кездесу өте қиын болды. Айта кетерлігі, қарсыласым Сауд Арабия өкілі бір апта бұрын әлем чемпионы атанған еді. Сондықтан, кішкене қысым сезілді. Бірақ, соған қарамастан жеңіске жеттім», — деді Алдияр Серік.

Айта кетейік, қазақстандық спортшы 69 келіге дейінгі салмақтың ақтық сынында Мохаммед Хураймиланы (Сауд Арабиясы) жеңді.