Alash Pride мерейтойлық турнирінің бас карды жарияланды
Alash Pride лигасы 21 қыркүйек Ақтөбеде өтетін мерейтойлық турнирдің кардына Руслан Сариев пен Ильямин Джаватовтың реваншы қосылғанын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Сариев пен Джаватов бұған дейін осы турнир аясында кездесіп, Джаватов Сариевті жеңісті мойындауға мәжбүр етті. Алайда ұйымдастырушылармен алдын ала тұрып төбелесу жайында келісім болғандықтан, дисквалификация жасалып, жеңіс Русланға берілді.
Реванш бұдан ертерек өтуі тиіс еді, бірақ Джаватовтың орнына бразилиялық Вандерлей шығып, Сариев оған жол берген еді.
Енді жаңа жекпе жектің күні белгілі – 21 қыркүйек.