«Alash Pride» лигасының қос чемпионы Шымкенттегі турнирде кездеседі

«Alash Pride» лигасының екі бұрынғы чемпионы — Рүстем Құдайбергенов пен Рамазан Қадиев Шымкенттегі турнирде октагонда жолығады, деп хабарлайды Sport+.
Рүстем 2024 жылы чемпиондық белбеуді жеңіп алған, алайда кейін оны NAIZA лигасына ауысуына байланысты босатқан. Ал Қадиев белбеуді 2022 жылы Амирбек Күштарбекпен болған жекпе-жекте жеңіп алған болатын.
Соңғы кездесуінде ресейлік спортшы АСА және Hardcore лигаларында өнер көрсетті.
Турнир 25 шілде күні Шымкентте өтеді. Тікелей эфир Sport+ телеарнасында көрсетіледі.