«Alash Pride» келесі турнирді Орал қаласында өткізеді

«Alash Pride» лигасының басшысы Әлімжан Бектаев Sport+ телеарнасына берген сұхбатында Орал қаласында өтетін турнирдің жоспарлары туралы айтты.
«Орал қаласында басты шайқаста Руслан Сариев, сонымен қатар Аслан Өтеғалиев, Нұрхат Жұмағалиев, Мақсат Есболат және т. б. жекпе-жектерін жоспарлап отырмыз. 28 ақпанда осы қалада турнир өткізуді жоспарда бар, қазір жергілікті аренамен келіссөздер жүргізіп жатырмыз», - деді Бектаев.