Alash Pride FC Дамир Исмағұловтың келесі турнирдегі қарсыласын жариялады
Қазақстандық MMA Alash Pride промоушені Alash Pride FC 100 турнирінің басты жекпе-жегінде қазақстандық жауынгер Дамир Исмагуловтың (25-0-4) қарсыласы ауысатынын жариялады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Бастапқыда бразилиялық Адриано Мартинс Исмагуловпен жекпе-жекке шығуы керек еді, бірақ жарақат салдарынан оның кардтағы орнын 37-жасар отандасы Обердан Виейра Тенориоға (31-1-13) босатты.
Естеріңізге сала кетейік, Alash Pride FC 100 мерейтойлық турнирі Ақтөбеде 21 қыркүйекте өтеді. Кештің тікелей эфирі Sport Plus Qazaqstan телеарнасында, сондай-ақ sportplustv.kz сайтында қолжетімді болады.