Alash Pride FC 93: жанкүйерді көп қызық күтіп тұр
28 қаңтар күні Шымкентте ММА бойынша 93-ші Alash Pride турнирі өтеді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Кештің басты жекпе жегінде ең жеңіл салмақтағы уақытша белдік үшін қазақстандық Руслан Сариев пен ресейлік Ильмиямин Джаватов кездеседі. Өз мәнсабында бар болғаны екі рет жеңіліп көрген Сариев фаворит санатында. Бірақ соңғы бес кездесуінің төртеуінде ұтылған ресейлік файтер де қаражаяу емес.
Сонымен қатар, турнир аясында Қытайдың қазағы Балғын Жеңісұлы мен қырғыз Хожахбар Ташходжаев жұдырықтасады.
Жеңіліс дәмін татпаған қазақстандықтар Қанатбек Мұрат және Кирилл Литвиненко Ақтан Жұматаев (Қырғызстан) пен Далер Юлдашевпен (Өзбекстан) күш байқасады.
Жанкүйер назарындағы тағы бір кездесу - Асылжан Ташкет пен бразилиялық Веллинтон Перейра арасында.
Alash Pride FC 93 турнирін тікелей эфирде Sport Plus Qazaqstan телеарнасынан және сайттан тамашалай аласыздар.