logo

Alash Pride FC 106 турнирінің толық карды жарияланды

Alash Pride FC 106 турнирінің толық карды жарияланды

Қазақстандық «Alash Pride» промоушені 106-нөмірлі турнирдің толық кардын жариялады, деп хабарлайды Sport+.

Кештің басты жекпе-жектері титулдық кездесулер болмақ. Бірінші айқаста Аслан Өтеғалиев (Қазақстан) пен Сұлтан Орозмамат (Қырғызстан) чемпиондық белбеу үшін күш сынасады. Ал екінші титулдық жекпе-жекте Максат Есболат (Қазақстан) пен Ульян Кошан (Ресей) өзара мықтыны анықтайды.

Айта кетейік, жекпе-жек кеші 28 ақпанда Орал қаласындағы «Жайық Аренада» өтеді. Жекпе-жектердің басталуы 19:00–де. 

Тікелей эфирді Sport+ Qazaqstan телеарнасынан және sportplustv.kz сайтынан тамашалауға болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Alash Pride League (@alash_pridefc)



Күн шежіресі