Alash Pride 111: басты жекпе-жек, толық кард және тікелей эфир уақыты
Alash Pride 111 турнирі 9 қыркүйекте Шымкентте өтеді. Турнирдің басты жекпе-жегінде лига белбеуінің иегері, ММА-дан әлем чемпионы Бекзат Жасия қырғыз спортшысы Рустамовпен октагонға шығады.
Екінші ең маңызды жекпе-жекте Жαлғас Жұмағұловтың «Еркін Күш» клубындағы әріптесі Еркінғали Бүркіталин сынға түседі. Кардта сондай-ақ Мухамадризвон «Кипиш» Кахоров пен «Жаңа Шавкат Рахмонов» атанған Әлиби Пернебек те жекпе-жек өткізеді.
Жалпы ивент аясында әртүрлі салмақ дәрежелерінде 22 жекпе-жек ұйымдастырылады. Толық кард төменде ұсынылған.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Турнир 18:00-де басталады. Тікелей эфирді Sport+ телеарнасынан, sportplustv.kz сайтынан және Sport+ YouTube арнасынан көруге болады.