logo

Роналду Иранға келе ме? «Эстеглял» — Әл-Наср» матчының тікелей эфирі

Роналду Иранға келе ме? «Эстеглял» — Әл-Наср» матчының тікелей эфирі

Криштиану Роналду бастаған «Әл-Наср» Азия Чемпиондар лигасының үшінші туры аясында ирандық «Эстеглял» клубына қонаққа барады.

Роналду Иранға командамен бірге келе ме? Әзірше бұл үлкен мәселе, бірақ португалдықсыз «Әл-Наср» — Азия футболындағы үлкен күш.

«Эстеглял» Иран чемпионаты турнир кестенің екінші жартысында орналасты, ал Чемпиондар лигасында екі матчта бір жеңісі бар.

«Әл-Наср» қоржынында 4 ұпай бар, егер олар ирандықтарды жеңсе, онда Шығыс конференциясы кестесінің алғашқы үздік үш командасы Сауд Арабиясы өкілі болады. Қазір турнир кестесінде «Әл Хилял» және «Әл Ахли» бар.

Матч 21:00–де басталады. Тікелей эфирде ойынды Sport+ телеарнасынан, сондай-ақ sportplustv.kz сайтынан көруге болады.