Айдар Махметов Бетербиев – Бивол жекпе-жегі туралы: Жеңімпазды болжау өте қиын

Спорт сарапшысы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері Айдар Махметов Sport+ телеарнасы үшін арнайы Дмитрий Бивол — Артур Бетербиев арасындағы абсолютті әлем чемпионы титулы үшін өтетін жекпе-жек туралы пікірін бөлісті:
«Бірінші жекпе-жек қазан айында өтті, ол кезде жеңісті Бетербиев иеленді. Бұл шешім әлі күнге дейін қызу талқылануда. Менің ойымша, Артурдың жеңісі заңды болды.
Реванш несімен қызықты? Барлығы боксшылардың қандай тактика қолданатынын білгісі келеді. Бетербиев өзін тек қуатты панчер ғана емес, барлық 12 раунд бойы жоғары қарқында жұмыс істей алатын боксшы ретінде де көрсетті. Бивол болса, қарсыластың қорғанысын бұзып, аяқпен жақсы жұмыс істей алатынын дәлелдеді.
Бұл кездесудің жеңімпазын болжау өте қиын. Бетербиев 40 жаста, бірақ ол қартаю белгілерін көрсеткен жоқ, ал Бивол болса, реваншқа қатты ынталы»
Жекпе-жекке толық талдауды төмендегі плеерден көре аласыз.