Сұлтан Заурбек кезекті қарсыластары туралы пікір білдірді

Sport+ телеарнасындағы «Бірге-Бір» бағдарламасының кезекті қонағы кәсіпқой бокста 19 жекпе-жек өткізіп, оның 13-ін уақытынан бұрын жеңген қазақстандық боксшы Сұлтан Заурбек атанды.
IBF — өте таза организатор, жұмысын жақсы атқарады. Мысалы, қарсыласқа нақты претендент болсан, онда сені міндетті түрде шығарады. Менен жоғары тұрған Соареспен уақытша чемпиондық белбеу үшін жекпе-жекті ұйымдастырамыз дегенге келтіріп жатыр, бірақ белгісіз.
Джервонтамен жекпе-жегімді бәрі күтіп жүр екен, бірақ ол жігіт менен екі саты жоғары салмақта өнер көрсетеді. Менің салмағымдағы екі чемпионмен кездескен еді, сондықтан Заурбек егер чемпион болса, ол да шығып қалуы мүмкін деген жаңалықтар содан шыққан.
— Ламонт Роучпен төбелесуге дайынсыз ба?
— Әрине, мен үштікте тұрған адаммын. Оның үстінде Отар деген грузин тұр, бірақ қарсылас ретінде мені таңдайтын шығар.
— Ал Джервонтамен шығуға дайынсыз ба?
— Ол да адам ғой енді, екі қол-аяғы бар. Әңгіме жоқ, ол — мықты нокаутер, еңбекқор жігіт. Дегенімен қазір ұтылмай келе жатқан чемпиондар да құлап жатыр ғой. Ұтуға дайынмын.