Таиланд Корольдігінің Чиангмай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында 3 жылдық үзілістен кейін ұлттық құрамаға оралған 71 келідегі Аблайхан Жүсіпов рингке көтерілді, деп хабарлайды Sport+
Бұған дейін Аблайхан әуесқой бокста 2021 жылы Белградтағы Әлем чемпионатында қола жүлде алған еді.
1/4 финалда тәжірибелі жерлесіміз Түркіменстан өкілі Байрамдүрді Нұрмұхамедовпен жұдырықтасты. Қарсыласы 3 раунд бойы прессингке сенім артса да, Абы#лайхан дәл әрі мығым соққыларын дарытты. Нәтижесінде 3-раундта бір нокдаун тіркелді. Есеп: 5:0.
Енді отандасымыз 8 желтоқсан күні жартылай финалда Тәжікстан спортшысы Шохбожон Шукуровпен жолығады.