Әбілқайыр Шегалиевтің келесі жекпе жегі қайда өтетіні белгілі болды

Қазақстанның кәсіпқой боксшысы Әбілқайыр Шегалиевтің (9-1-1, 4 КО) келесі жекпе жегінің күні белгілі болды, деп хабарлайды Sport+.
BoxRec.com мәліметіне сәйкес, ол 1 наурыз күні Брисбенде (Аустралия) шаршы алаңға оралады. Оның қарсыласы жергілікті спортшы Джек Боуэн (10-1, 8 КО) болмақ.
Бұған дейінгі жекпе жегін Әбілқайыр Шегалиев Мәскеуде (Ресей) былтыр 11 қыркүйек күні өткізіп, төрешілердің бірауыздан шешімімен ресейлік Анатолий Богомоловты (2-7-1, 0 КО) жеңген еді.
Джек Боуэнды айтар болсақ, барлық кездесуін отанында өткізген ол соңғы рет 14 қыркүйек күні Оңтүстік Корея боксшысы Ги Сон Гвактан (5-3, 3 КО) басым түскен.