logo

Бекман Сойлыбаевтің жекпе-жегі Ақтауда өтетін турнирдің басты оқиғасы болады

Бекман Сойлыбаевтің жекпе-жегі Ақтауда өтетін турнирдің басты оқиғасы болады

23 ақпанда Ақтауда кәсіби бокс кеші өтеді, оның басты оқиғасы Бекман Сойлыбаевтың титулдық жекпе-жегі болмақ, деп хабарлайды Sport+.

Бұл туралы «ADAL PROMOTIONS» менеджері Жанпейіс Назарғали мәлімдеді.

Сойлыбаев екінші жартылай жеңіл салмақта UBO World титулы үшін 12 раундтық жекпе-жек өткізеді. Қарсыласы кейінірек жарияланады.

Бокс кешінде қазақстандық боксшылар да өнер көрсетеді: Жолдас Жеңісов (7-0-0, 2КО), Саматәлі Толтаев (4-0-0, 1КО), Самат Жетібай (6-1-0, 4КО).

Сонымен қатар, кештің кардында Нұрқанат Райыс, Адайбек Ниязбай, Ақжол Әбдіхан және Салауат Тілекбаевтың дебюттік жекпе-жектері өтеді.



Күн шежіресі