Абиба Әбужақынова Париждегі Олимпиаданы сәтті бастады
Қазақстандық дзюдошы Абиба Әбужақынова Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарында алғашқы белдесуін сәтті өткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
48 келі салмақ дәрежесінде Әбужақынова алғашқы кездесуде Израильдік Шира Ришониді 1:0 есебімен жеңді.
Шира Ришони - Токио-2020 Олимпиадасының қола жүлдегері (аралас командалық жарыс).