Абат Айымбетов маусымның алғашқы голын соқты
Түркия Суперлигасы аясында Станимир Стоилов жаттықтыратын «Гезтепе» командасы өз алаңында «Адана Демирспорды» қабылдады, деп хабарлайды Sport+.
Есеп 3:1. «Адананың» жалғыз голын қазақстандық шабуылшы Абат Айымбетов соқты. Аталмыш гол Қазақстан құрамасының шабуылшысы үшін маусымдағы алғашқысы болды.
Стоиловтың командасында нәтижелі соққыларды Жоао Сантос, Ромуло және Дэвид Тиянич жасады.