Абай Елдос: Жартылай финалдағы қарсыласыма үшінші рет есе жібердім
«Ширек финалда кездесуіміз керек болған америкалық қарсыласым салмақ өлшеуден өте алмай, мен бірден жартылай финалға шықтым. Бірақ бұл маған жеңілдік емес, керісінше қиындық туғызды. Өйткені, маңызды кезеңге үзілістен кейін шықтым. Нәтижесінде аяқ-қолым жүрмей, жаттығуда жасап жүргенімді аренада көрсете алмадым. Оған қоса ақтық сындағы қарсыласпен үшінші рет кездестік. Бұған дейін Қазақстандағы біріншілікте финалда жолымыз түйіскен. Менен жасы үлкен және әлдеқайда тәжірибелі Ерұлан Қабдулов есімді атыраулық ағам.
Келер жылы Қабдулов 54 келіге ауысады деп естідік, ал мен өз салмағымда 52 келіде қаламын. 2025 жылы олқылықтың бәрін орнын толтырып, әлем чемпионы атану үшін барымды саламын».