logo

95 жасымда да жарысқа қатысамын: қарағандылық ақсақал пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

95 жасымда да жарысқа қатысамын: қарағандылық ақсақал пауэрлифтингтен әлем чемпионы атанды

Қарағанды облысының 75 жастағы тұрғыны Дәрібай Оспанов пауэрлифтингтен әлем чемпионатында алтын мен күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

46 елден түрлі жастағы 960 спортшы бақ сынаған әлем чемпионаты Остин қаласында (Техас штаты, АҚШ) өтті. Жарысқа Қазақстаннан ардагерлер арасында тек Дәрібай Оспанов барды.

75 жастағы ақсақал классикада күміс, ал экипировкада алтын жүлде еншіледі.

«Мен халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін, ҚР еңбек сіңірген жаттықтырушысымын, төрт дүркін әлем чемпионымын, он дүркін Азия чемпионымын. Әлем чемпионатында 70 жастан асқан спортшылар санатында өнер көрсеттім.

Біз 5 адам болдық – жапон, неміс, канадалық және үндіс. Нәтижеге ризамын. Мақсатым – Дания спортшысын жеңу. Ол 94 жасында өнер көрсетті, ал мен 95 жасымда да жарысқа қатысамын», - деді спортшы.