2026 жылғы Азиадаға қатысатын қазақстандық жеңіл атлеттер белгілі болды
Қазақстан жеңіл атлетика федерациясы Аичи-Нагоядағы (Жапония) 2026 жылғы Азия ойындарында ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін жариялады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қорытынды тізімге 30 спортшы енді.
Ерлер
— Георгий Шейко (марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
— Шадрак Кимутаи (марафон);
— Иван Иванов (ядро серпу);
— Алексей Хлыстов (найза лақтыру);
— Давид Ефремов (110 м кедергілер арқылы жүгіру);
— Максим Фроловский (5000 м жүгіру, 10 000 м жүгіру);
— Андрей Соколов (400 м жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
— Михаил Литвин (аралас 4×400 м эстафета);
— Эльнор Мухитдинов (400 м жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
— Вячеслав Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру, аралас 4×400 м эстафета);
— Ефим Тарасов (аралас 4×400 м эстафета).
Әйелдер
— Ясмина Тоқсанбаева (марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
— Кристина Морозова (жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
— Эльмира Калимуллина (жартылай марафон қашықтығындағы спорттық жүріс);
— Нора Джеруто (3000 м кедергілер арқылы жүгіру, 5000 м жүгіру);
— Дейзи Джепкемей (5000 м жүгіру, 10 000 м жүгіру);
— Аделина Земс (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
— Мария Шувалова (400 м кедергілер арқылы жүгіру, 4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
— Александра Залюбовская (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
— Аяна Болатбекқызы (800 м жүгіру, 1500 м жүгіру);
— Надежда Дубовицкая (биіктікке секіру);
— Кристина Овчинникова (биіктікке секіру);
— Мария Ефремова (үш қарғып секіру);
— Анастасия Рыпакова (ұзындыққа секіру);
— Полина Иванова (сырықпен секіру);
— Анна Черкашина (сырықпен секіру);
— Алина Чистякова (жетісайыс);
— Софья Киденко (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
— Анна Шумило (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета);
— Милана Зубарева (4×400 м эстафета, аралас 4×400 м эстафета).
Айта кетейік, Азиадада жеңіл атлетика жарыстары 24-29 қыркүйек аралығында Нагояда (Жапония) өтеді.