19 қаңтарда Канвонда (Оңтүстік Корея) қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы ашылады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қазақстан құрамасының тізіміне Алема Қарабаева, Ильяс Хасенов, Эвелина Мезенцева, Антон Редькин, Мария Воробьева, Кирилл Зотов (барлығы – биатлон), Ростислав Хохлов, Александра Скороходова (барлығы – тау шаңғы спорты), Мерей Тастемір, Ибрагим Тастемір (екеуі – керлинг), Руслан Жанаділов, Михаил Матрюхин, Алина Шумекова, Кристина Шумекова (барлығы – конькимен жүгіру спорты), Берік Боранбаев, Әубәкір Тотанов, Милана Мамедова, Виолетта Митропольская (барлығы – шаңғы жарыстары), Илья Мизерных, Илья Шильников, Софья Шишкина, Алена Свириденко (барлығы – шаңғымен тұғырдан секіру), Юлия Феклистова, Денис Раструба (екеуі – фристайл-могул), Мейіржан Төлеген, Ерасыл Шыңғысхан, Анастасия Астраханцева, Полина Омельчук (барлығы – шорт-трек), Темірлан Айболұлы, Бексұлтан Мақыш, Арсений Кучковский, Әділхан Саттар, Никита Кулаков, Матвей Решетько, Расул Тұрсынов, Арман Төлен, Жахангер, Тілеухан, Таир Бигаринов, Егор Кравченко, Роман Мичуров, Әнуар Ахметжанов (барлығы – шайбалы хоккей 3х3) және Арман Қуаныш (шаңғы қоссайысы) енді.
«Канвон-2024» жасөспірімдер арасындағы қысқы Олимпиада ойындары 19 қаңтарда ашылып, 1 ақпанға дейін жалғасады. Жастар арасындағы жарысқа 50 елден 1800 спортшы қатысады. Жеті спорт түрінен 81 медаль жиынтығы ойнатылады.
