logo

16 жасар қазақстандық мансабын АҚШ-та жалғастырады

16 жасар қазақстандық мансабын АҚШ-та жалғастырады

Қорғаушы Владислав Цапко Иллинойс штатындағы Windy City Storm 16U AAA командасына кәсіби мансабын жалғастыруға ұсыныс алды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Өткен маусымды Цапко Seacoast Performance Academy-де өткізіп, 58 матчта 34 (12+22) ұпай жинап, команданың үшінші бомбардирі атанды.

Ол бұрын екатеринбургтік «СКА-Юность» клубында ойнап, Ресей чемпионатында жеңіске жеткен. Владислав 185 см бойы және 83 келі салмағы бар Қазақстан азаматы болып табылады және азаматтығынан бас тартуды жоспарламайды.