logo

Жүзуден Қазақстан рекорды жаңарды

Жүзуден Қазақстан рекорды жаңарды

Жүзуден қос қазақстандық спортшы Сингапурдегі Әлем Кубогының кезеңінде ұлттық рекорд жаңартты, деп хабарлайды Sport+.

Аделаида Пчелинцева 50 метрді брасс әдісімен 30.67 секундта жүзіп өтті.

Ғалымжан Балабек еркін стильдегі 200 метрді 1 минут 46.83 секундта бағындырды. 

Бұл осы жарыс тағы Қазақстан спортшыларының алғашқы рекорды емес. Пчелинцева 100 метрге (брасс) Қазақстан рекордын жаңартты - 1.07.74. Ғалымжан еркін стильдегі 400 метрде үздік нәтиже көрсетті - 3.47.52.