Тасжолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының өкілі Әнел Тәшбай Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз жекелей уақытқа жарыста алтын медаль жеңіп алды. Ол қашықтықты 11 минут 32.57 секунда жүріп өтті.

Екінші орын Каролина Гайдуковаға (Словакия) бұйырды — 11:37.62. Ал ресейлік Ангелина Новолодская үздік үштікті түйіндеді — 11:43.65.

Айта кетейік, осымен Қазақстан құрамасының қоржынында үш медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын алса, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медальға ие болған еді.