Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Азия ойындарының алтын медаль иегерлеріне берілетін сыйақы бюджеттен тыс қаражат есебінен 40 мың долларға арттырылғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sport+.
«Биыл федерациялар мен Спортты дамыту қоры арқылы тартылған бюджеттен тыс қаражат есебінен Азия ойындарының чемпиондарына берілетін сыйақыны 50 мың долларға дейін ұлғайттық. Қалған жүлдегерлер мемлекеттік органдармен келісу және халықаралық федерациялармен қажетті рәсімдерді аяқтағаннан кейін тиісті төлемдерін алады», — деді министр.
