logo

Жүзуден ел рекорды жаңарды

Жүзуден ел рекорды жаңарды

Будапештте (Венгрия) қысқа қашықтықта суда жүзуден әлем чемпионаты басталды. Қазақстан құрамасы алғашқы күннің өзінде елдің екі рекордын жаңартты, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz cайтына сілтеме жасай отырып.

Софья Сподаренко 50 метрлік қашықтықты баттерфляй әдісімен 26.06 секундта жүзіп өтіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Ерлер құрамасы 4х100 метр еркін стиль эстафетасында рекорд жасады. Әділбек Мусин, Егор Попов, Максим Сказобцов және Глеб Коваленя бұл қашықтықты 3.15.97 уақытпен аяқтады.