Жүзу спортында тарихи нәтиже: Азия чемпионатының 36 жүлдесі Қазақстан еншісінде
Нью-Кларк-Ситиде (Филиппин) су спортынан Азия чемпионаты мәресіне жетті. Біріншіліктің соңғы күнінде қазақстандық спортшылар 6 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль еншіледі, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Бұл жарыс күні жеңіс тұғырына көтерілген атлеттер: А тобы: Әділбек Мусин, 50 м баттерфляй - алтын, Ксения Игнатова, шалқалай жүзу 200 м - алтын, София Сподаренко, 50 м баттерфляй - алтын, Диана Тасжанова, шалқалай жүзу 200 м - күміс. В тобы: Егор Попов, шалқалай жүзу 200 м - алтын, София Абубакирова, 50 м баттерфляй - алтын, Максим Сказобцов, 50 м баттерфляй - алтын, Арсен Қожахметов, 200 м брасс - қола, Даниил Черепанов, 100 м еркін стиль - қола.
Биылғы Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы жалпы саны 36 медаль иеленді: 20 алтын, 11 күміс, 5 қола. Осы көрсеткішпен Қазақстан командасы жалпыкомандалық есепте Жапониядан (36 алтын, 20 күміс, 15 қола) кейін командалық есепте екінші орын алды. Еліміздің су спорты шеберлері Азия чемпионатының 14 рекордын және Қазақстанның 3 рекордын орнатқанын да айта кеткен жөн.