Жүзгіш Ксения Игнатова алтын жүлде үшін бақ сынайды
Бүгін, 22 қыркүйекте Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарында жүзу бәсекелері жалғасуда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстан құрамасының өкілі Ксения Игнатова 200 метрге шалқалай жүзуден іріктеу кезеңінде сынға түсті.
Отандасымыз қашықтықты 2:14.29 уақытта жүзіп өтіп, жалпы есепте жетінші орынға ие болды. Осылайша ол финалға жолдама алды.
Айта кетейік, финалдық сайыстар бүгін өтеді.