Жусан иісін сағындым: Беларусь елінде тұратын қазақ бапкері жан сырын ақтарды
Жұматай Шубаев – Беларусь елінде тұратын белгілі бапкер. Осы уақытқа дейін еркін күрестен көптеген балуандардың бабы мен бағын келістіріп, жеңіс тұғырына жетелеген, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«8 сыныпқа дейін елде болдым. Одан кейінгі өмірімнің бөлігі Беларусь елінде өтіп жатыр. Алайда жылына екі мәрте Қазақстанға келіп, ауылға барып, мауқымды басып тұрамын. Туған-туыс, бауырларымның көпшілігі Жезқазғанда.
Олармен тілдесіп, ауыл әңгімесін тыңдаудың өзі бір ғанибет. Сондай-ақ мен өскен кең далада ерекше иіс бар еді. Ол – жусанның иісі. Жусан иісі – балалығымның иісі. Беларусь елінде жүргенде, осы жусан иісін сағындым.
Бала күнімде осы жусанды қолыма бір ысқылап алғанда, иісі қолымда бұрқырап тұратын. Әлі күнге дейін ойымнан кетпейтін, санамда сайрап тұрар – осы сәттер екен», - деді 37 жыл бойы сырт мемлекетте келісті қызмет етіп жүрген Жұматай Шубаев.