Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының финалына шықты

Жоламан Биғабыл каратэден Азия ойындарының финалына шықты

Қазақстандық каратэші Жоламан Биғабыл Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан Азия ойындарының ақтық бәсекесіне жолдама алды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Отандасымыз 55 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғауда.

Биғабыл жартылай финалда индонезиялық Мухаммад Жануарды 6:1 есебімен жеңді. Осылайша ақтық сынға өтті.

Бұған дейін Софья Берульцева 68 келіден жоғары салмақта Дина Мостафаны (Сауд Арабиясы) 9:6 есебімен жеңіп, жартылай финалға шыққан болатын.



Күн шежіресі