Зілтеміршілерден тағы бір жүлде
Өзбекстанда ауыр атлетикадан Азия чемпионаты жалғасуда. Қазақстан құрамасы үшінші жүлдесіне қол жеткізді, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
96 келі салмақ дәрежесінде Кирилл Староверкин жұлқа көтеруде 150 келіні еңсеріп, кіші қола медаль иеленді. Ал серпе көтеруде 180 келіні бағындырып, қоссайыс қорытындысында 330 келі көрсеткішпен 4-орынға табан тіреді.
Ерлер.
96 келі
1.Вон Йон Бём (Оңтүстік Корея) – 367 келі (161+205)
2.Суннатилла Усаров (Өзбекстан) – 346 келі (161+185)
3.Нұрсұлтан Тармалов (Қырғызстан) – 333 келі (149+184)
4. Кирилл Староверкин (Қазақстан) – 330 келі (150+180).
Бұған дейін Сайрамкез Ақмолда (67 келі) және Александр Уваров (81 келі) күміс медаль еншілеген еді.