Зілтемірші Едіге Емберді Ислам ойындарының қола жүлдегері атанды
Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының өкілі Едіге Емберді Эр-Риядта (Сауд Арабиясы) өтіп жатқан Ислам ынтымақтастығы ойындарында үшінші орынға ие болды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Қазақстандық спортшы 79 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетуде. Ол жұлқа көтеруде үшінші орынға ие болды.
Едіге ең үздік мүмкіндігінде 152 келіні еңсерді. Осылайша қола медаль жеңіп алды.
Мысыр спортшысы Абдельрахман Эльсайед жеңімпаз атанды — 166 келі, ал әзірбайжандық Равин Алмаммадов екінші орынды иеленді — 155 келі.
Айта кетейік, серпе көтеру мен қоссайыстың қорытындысы бойынша да жеңімпаздар анықталады.