Жетісуда велошеру өтті
Облыс орталығында 200-ден астам адам қала күніне орай велошеруге қатысты, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
Қадырғали Жалаири даңғылынан бастау алған кешкі велошеру орталық алаңда түйінделді. Жалпы алғанда 8 км-ді құрады.
Мұнда кәсіби велосипедшілер, мемлекеттік қызметкерлер мен қала тұрғындары да белсенділік танытты.
Дәстүрге айналған түнгі велошеруге «Bketeam_tdk», «Velopark.tdk», «Velofiends», «Velotrveltekel», «Вiketeamgroup», «Womencenter_taldyk» велосипедшілер қауымдастығының өкілдері атсалысты. Одан кейін түрлі ойын ойнатылып, сыйлықтар таратылды.