logo

Жеңілмеген қазақстандық жауынгер үздік Азия лигасымен келісімшартқа қол қойды

Жеңілмеген қазақстандық жауынгер үздік Азия лигасымен келісімшартқа қол қойды

Әсет Анарбаев (рекорд 7-0) азиялық One FC үздік промоушенімен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.

Бұл туралы спортшының менеджері Саят Әбдірахманов жариялады.

Анарбаев өзінің алғашқы жекпе-жегін келесі айда өткізеді. Егер файтер қарсыласын жеңсе, оған One FC-де тағы бір жекпе-жекке кепілдік беріледі.

Әсет Анарбаев - 23-жасар жеңіл салмақтағы файтер. Шымкент қаласының тумасы өзінің барлық кәсіби мансабын Naiza лигасында өткізді. Жекпе-жектердің көп бөлігін жауынгер жеңіспен аяқтады, соның ішінде екі нокаут орын алды. Анарбаев соңғы жекпе-жегін 2021 жылдың желтоқсанында Қайрат Нұрбай Уулуға қарсы өткізіп, төрішеліердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.



Күн шежіресі