Жеңіл атлеттер Кореяда өнер көрсетеді
Қазақстандық жеңіл атлеттер сырықпен секіруден International Pole Vault-2024 турниріне қатысады, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Challenger санатындағы World Athletics Continental Tour турнирі қатарына енген жарыс 7-8 маусым күндері Пусанда (Оңтүстік Корея) өтеді.
Қазақстан командасының құрамында Полина Иванова, Иван Товченик және Максим Балабин (U20) жарыс жолына шығады.