Жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды
Алматыда жеңіл атлетикадан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan
Таңғы бағдарламада алғашқы жүлделер сарапқа салынды.
Спорттық жүрістен әйелдер арасында 20000 метр қашықтықта Ясмина Тоқсанбаева (Алматы) жеңімпаз атанды. Күміс жүлдегер Галина Якушева (ШҚО). Эльмира Калимуллина (Алматы) қола жүлдеге қол жеткізді.
Ерлер арасында алматылық Виталий Терехин үздік шықты. Дархан Әсетханұлы (Шымкент) жарыс жолын аяқтай алмады.
Орталық стадиондағы біріншіліктің кешкі бағдарламасында да бірнеше жүлде ойнатылады.