Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да Қазақстанға тоғызыншы алтын медальді сыйлады

Жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Азиада-2026-да Қазақстанға тоғызыншы алтын медальді сыйлады

Қазақстандық жеңіл атлет Ясмина Тоқсанбаева Аичи және Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Тоқсанбаева спорттық жүрістен марафон қашықтықтығында бақ сынап, мәреге бірінші болып жетті.

Отандасымыз жарысты 3 сағат 22 минут 20 секунд нәтижесімен аяқтады. Мәреге екінші болып қытайлық Даньцзэн Цюйцзун жетті — 3:26:09. Тағы бір қытайлық спортшы Ма Ли 3:32:26 нәтижесімен үздік үштікті  түйіндеді.

Бұл — Қазақстан құрамасының Азиада-2026 ойындарындағы тоғызыншы алтын медалі.

Ерлер арасындағы жарыста Георгий Шейко алтыншы орын алды.