16 қарашада Астанада ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасында жекелеген жаттығулар бойынша Қазақстан жеке-командалық чемпионаты басталады, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Ішкі біріншілікке 200-ден астам спортшы қатысады деп күтілуде. Олардың қатарында ұлттық құраманың өкілдері де бар.

Ерлер 60, 65, 71, 79, 88, 94, 110 келі салмақ дәрежесінде сынға түседі. Ал әйелдер арасында 48, 53, 58, 63, 69, 77, 86 және 86 келіден жоғары салмақта жүлделер сарапқа салынады.

Жарыстар «Qazaqstan» жеңіл атлетика спорт кешенінде өтеді. Қазақстан чемпионаты 22 қарашаға дейін жалғасады.