Жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Жеңіл атлет Аделина Земс Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды

Қазақстандық жеңіл атлет Аделина Земс Аичи-Нагояда (Жапония) өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

400 метрге кедергілер арқылы жүгірудің финалында Земс қашықтықты 54,58 секундта бағындырып, өзінің жеке рекордын жаңартты.

Қазақстандық спортшы Мариам Каримнен 0,27 секундқа қалып, екінші орын алды. БАӘ өкілі 54,31 секунд нәтижесімен Азия ойындарының рекордын жаңартты.

Үшінші орынға Үндістан спортшысы Витья Рамрадж жайғасты. Ол да жеке рекордын жаңартып, 54,75 секунд уақыт нәтижесін көрсетті.



Күн шежіресі