Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымы спортшылардың жаңартылған әлемдік рейтингін жариялады, деп хабарлайды Sport+.

50 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық балуан Зейнеп Баянова бірден жеті сатыға жоғарылап, екінші орынға көтерілді. Ол Токио-2020 Олимпиадасының чемпионы, жапониялық Юи Сусакиді басып озды.

Биыл Зейнеп Баянова Жапонияның Айти-Нагоя қалаларында өткен Азия ойындарында және елордада ұйымдастырылған әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алған болатын.

Еске сала кетейік, UWW ұйымы 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу жүйесіне өзгерістер енгізді.

Жаңа олимпиадалық кезеңде рейтингтік турнирлер мен оларда жинаған ұпайлардың маңызы арта түседі. Өйткені әлемдік рейтинг олимпиадалық жолдама алу мүмкіндігін анықтайтын негізгі факторлардың біріне айналады.

Осылайша, алдағы әрбір рейтингтік турнир мен жиналған әр ұпай Олимпиада ойындарына жолдама алу жолында маңызды рөл атқарады.