Қазақстанның ерлер құрамасы Шотландияның Абердин қаласында өтіп жатқан керлингтен іріктеу турниріндегі өнерін жалғастыруда, деп хабарлайды Sport+ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Топтық кезеңнің бесінші кездесуінде қазақстандық спортшылар Мексика құрамасын 9:3 есебімен жеңді. Алайда келесі ойында Испанияға 4:7 есебімен жол берді.
Осылайша, Қазақстан алты ойын өткізіп, оның үшеуінде жеңіп, үшеуінде жеңіліп қалды. Мұндай көрсеткішпен команда А тобында Австриямен бірге төртінші орынды бөлісіп тұр.
Алты кездесудің барлығында жеңіске жеткен Норвегия көш бастап келеді. Дания екінші орында тұр (бес жеңіс). Ал үшінші сатыға Түркия жайғасқан (төрт жеңіс).
Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі соңғы кездесуін 12 қарашада Гонконг командасына қарсы өткізеді.
Айта кетейік, плей-офф кезеңіне әр топтан үздік төрт команда жолдама алады. Ал турнир қорытындысы бойынша алты құрама 2027 жылғы әлем чемпионатында бақ сынау мүмкіндігіне ие болады.
