Жауынгерлік спорт түрлерінен Азия Ойындары өтпейтін болды
21-30 қараша күндері Таиландтың Бангкок және Чонбури қалаларында ұйымдастырылуы тиіс жауынгерлік спорт түрлерінен жабық ғимараттағы 6-шы Азия ойындары өтпейтін болды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan Olympic.kz сайтына сілтеме жасай отырып.
2024 жылдың 15 тамызы күні Азия Олимпиада Кеңесінің Атқарушы комитеті шұғыл отырыс өткізіп, жарысты ұйымдастырушы қалалардың бюджеті мен инфрақұрылымы жоқтығын және өзге де талаптарға сай келмейтінінін анықтап, ойынды өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Айта кетелік, аталған ойындар COVID-19 індетіне және Таиланд билігінің ауысуына байланысты бірнеше рет шегерілген болатын.
АОК Атқарушы комитетінің шешімі бойынша, келесі Ойындар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтеді.