Жасұлан Әкімжан Хейбатиге жауап берді
NAIZA & Fight Night бірлескен турнирінде жеңіске жеткеннен кейін Мохаммед Хейбати қазақстандық Жасұлан Әкімжанды жекпе-жекке шақырды, деп хабарлайды Sport Plus Qazaqstan.
«Ол мені жеңгісі келгені есімде. Мен оны жеңуге дайынмын», - деп жазды Хейбати әлеуметтік желілерде.
Әкімжанның жауабы ұзақ күттірмеді:
«Иә, мен бұл сөзімді тағы да растаймын! Ал сен әлі де сөйлеп, әрекетке көшпей жүрсің бе? Егер шынымен де батыл болсаң, бұл әңгімелерді торда аяқтайық. Қашан және қай жерде кездесуге дайынсың?»
Әкімжан мен Хейбати арасындағы соңғы қақтығыс Мұратбек Қасымбаймен болған жекпе-жегінен кейін туындады. Қазақстандық жауынгер төрешілердің Мохаммедке жеңісті беру шешімімен келіспей, жекпе-жек өткізуді ұсынды.